Сарысай негізгі мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы. Кітап – асыл қазына.
Мақсаты: білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
Көрнекілігі: түрлі жағдайдағы кітаптар, кітап туралы нақыл сөздер, дәрігер киімі, кітап көрмесі.
Саламатсыздар ма, оқушылар, қонақтар. Қазіргі заман талабы білімді, бәсекеге қабілетті азамат болу. Енді сол бәсекелестікке қабілетті болу үшін біз білімді болуымыз керек. Солай ма, балалар. Ал білімді біз қайдан аламыз?
— Дұрыс айтасыздар, кітап –білім бұлағы, білім–өмір шырағы деп бекер айтпаған.
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деп ұлы Абай атамыз үндегендей бүгінгі сабағымызды кітапқа арнаймыз. Яғни, сабағымыздың тақырыбы « Кітап – сарқылмас қазына».
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Айдың шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.
Балалар, кітаптың адам өмірінде қандай маңызы бар?
-Кітап – біздің досымыз, ақылшымыз, кітаптан көп мағлұмат аламыз, кітап адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді. Енді, біз осы кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз. Олай болса алғашқы кітаптар қандай болды екен тақтаға назар аударайық. Слайдтар.
Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағыға еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
-Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын, табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап – сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп таңданасыңдар. Адамның ақылшы досына, сырласына айналған бұл алтын қазынаның шығу тарихын, ол жайындағы ғажайып қызықтарды біле бермеулерің мүмкін.Осыған орай әр оқушының үйден әзірлеп келген деректеріне сөз берейік.
-Сіздер ежелгі кітапханалардың бірі түйе үстінде орын тепкенін білесіңдер ме?
-Ертедегі Ассирияда Ашурбанипал деген патша өмір сүрген.
-Кітап шыққалы бері бірнеше мың жыл болды.
-Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазылған.
-Орта ғасырларда кітаптар дәптер етіп біріктірілген парақтарға жазылды.
Мінеки, балалар, кітап оңайлықпен қолға келіп түсе қалмаған екен. Кітап Қазақстанда орта ғасырда ақ қолжазба түрінде тараған.
Манадан бері кітап оңайлықпен келмейді деп жатырмыз. Ендеше оқушылар кітаптың қалай жасалатынын айтып берсін,
«Кітап қалай жасалады?» өлеңдерін оқиды.
-Мінеки, балалар, кітап қолымызға тигенгенге дейін бірнеше қолдан өтеді, көптеген адамдардың еңбегінің арқасында осындай әдемі таза, білімге толы кітапқа айналады екен.
Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп келген оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Өйткені кейбір балалар кітаптың қадіріне жете бермейді, күтіп ұстамайды. Сондықтан кітап неше түрлі ауруға шалдығады. Келесі кезекті көрініске берейік.
Көрініс: « Кітап емханасы»
Енді осы кітап туралы қандай мақал-мәтел, жұмбақ білеміз?
Білетінімізді ортаға салайық.
Са ған білім жемісін,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке,-дей отырып кезекті көрініске берейік.
Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.
Енді балалр ойымызды да бір сергітіп алайық.
Балалар кітапты соның ішінде қазақ әдебиетін қалай оқып жүр екенсіздер, соны байқайық.
Кітап адам жаны сияқты нәзік. Сондықтан да кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
(Кітапханашы сөз сөйлейді)
Балалар, кітап жыртылмас үшін не істеу керек?
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
-Енді балалар дәптерлеріңізді алып түртіп алыңыздар.
«Сен білесің бе?» Слайд. (Кітап және кітап басу ісін ойлап табушылар)
-Балалар, кітап туралы біраз мағлұмат алдық. Енді алған білімдерімізді бір жерге топтастырайық.
«Кітап» сөзіне кластер жасау.
-Кітап туралы, оның қасиеті туралы айта беруге болады. Ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті баланың қолына түссе кітап қызыққа толы. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» үзінді тыңдаңыздар.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл –шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда – ақылдың бұлағы,
Білімді сөз – шырын жанның құнары.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өмірімен қуантады түбінде.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды мына бір сөздермен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Сарысай негізгі мектебі
Кітап – сарқылмас қазына!
Ашық тәрбие сағаты
1 Әли: Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2. Әсет: Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.
3. Нұрғиса: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Айдың шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.
Источник
Тема урока «Кітап бағалы сыйлық», план урока на казахском языке, для русских классов, 5 класс, обновленное содержание, новые методы и подходы представлены на плане урока
Кітап — бағалы сыйлық.
Қарапайым с өйлеу үлгілерін қолдану арқылы тақырыпқа қатысты жаңасөздермен таныстыр у. Лексикалық тақырып аясында болымды және болымсыз етістіктер меңгерту.
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту.
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):қазақ тілінде қарапайым сөйлеуүлгілері арқылы кітапхананы, өзі оқитын кітаптарды сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ):тақырып аясында өзбетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы с өйлесімгекеледі.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, смайликтер, тақырыпқа қатысты буклеттер, өзара бағалау парағы.
Түсіндіру,сұрақ-жауап,«Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ойшақыру»әдісі, жұптықжұмыс,«Қос жазба» күнделігі, «Тірек сөздер»стратегиясы.
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Өткен сабақты тексеру
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
А)Айтылым. Дұрысайтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатамын.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Айтылым. Жазылым. Етістіктерді табады, түбірін, қосымшаларын анықтайды.
Болымды және болымсыз етістіктер меңгереді.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтіннен болымды, болымсыз етістіктерді табады, қарамен жазылған етістіктердің түбірі мен қосымшасын анықтайды.
Ә)Жазылым.Дұрыс,сауатты жазуға машықтандыруүшін 4-тапсырманы орындатамын.
Жазылым. Үш нұсқаның ішінен қажетті сөздерді таңдап жазады.
Б)Айтылым.Дұрыс айтуға,жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатамын.
Айтылым. Бірсөйлемге әртүрлі сұрақ қойып айтады.
Жазылым. Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша «Қос жазба» күнделігін толты- рады.
Г)Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыруүшін 8-тапсырманы орындатамын.
Тілдесім. Диалог құрады.
Топтық жұмыс. Әр топ кітапқа қатысты мақал-мәтелдер, ұлы адамдардың айтқан сөздерін келтіреді. Қай топ көп айтса, сол жеңімпаз болады.
Айтылым. Қажетті сөздерді қойып,мақалдарды толықтырып айтады.
Жазылым.Көпнүктеніңорнынақажетті сөздерді қойыпжазады.
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Диалог құрады.
Оқушыларға аты- жөндері жазылған өзара бағалау парағынбереді. Әр аттың тұсына өз бағаларынқояды.
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
Номер материала: ДБ-1056823
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Источник
Описание презентации по отдельным слайдам:
Сабақтың тақырыбы: “Кітап – білім бұлағы” Қазақ тілі 5 сынып Орындаған: Қалапов М.Т.
Оқу мақсаттары: Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу(5.А5.); Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау(5.Ж4.). Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жұптасып шағын диалогке қатысады. Кейбір оқушылар орындай алады: Жиналған мәліметтер бойынша постер жасап, қорғайды. Бағалау критерийі: Берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді. Шағын диалогке түседі. Жинақталған ақпараттар негізінде постер әзірлейді.
“Ұшақ” әдісі Жеке жұмыс. 1 Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырып, жауап беріңдер: Дескриптор: Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырды; 1 б. Сұрақтарға дұрыс жауап берді. 1 б. Бағалау: Смайлик арқылы
“Серіктеспен бөліс” жұптық жұмыс 2 Тапсырма. Таңдаған тақырып бойынша диалогке қатысыңдар. 1 тақырып: Менің сүйікті кітабым /сүйікті кітап, қызық кітап, жиі оқу, жақсы көру/ 2 тақырып: Кітап дүкенінде /мейірімді сатушы, кітап сөресі, қызық кітап, сізде бар ма? / 3 тақырып: Кітапханада /кітапханашы көрсетті, не туралы? Қашан әкелесіз?ертегілер, әңгімелер/ Дескриптор: Тірек сөздерді дұрыс қолданды; 2 б. Диалогке түсті. 2 б. Бағалау: Смайлик арқылы
Номер материала: ДБ-1450117
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Источник
5 сынып ҚМЖ » Қызыл кітап»
Пән:қазақ тілі мен әдебиеті. 11/10
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Қызыл кітап
Мұғалімнің аты-жөні:Кенжегалиева М О.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
Т1.Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
О5.Қосымша ақпараттан мәлімет ала білу
А5.Берілген сұрақты түсініп,лайықты жауап бері,диологке қатысу
Барлық оқушылар орындай алады
Ұлттық аспап туралы айта біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Сұраққа жауап бере алады
Кейбір оқушылар орындай алады
Толық жауап бере алады
Оқушылар әр түрлі тақырыпта шағын әңгіме құрастырып айта алады.
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Берілген мәтінді мұқият оқып шық. Мәтіннен тірек сөздерді анықта. Сөздікке жаз. Сөздіктің көмегімен мәтінді аудар.
құрып бара жатқан-исчезающие
жойылу қаупі төнген-на грани исчезновения
Мәтін: Қызыл кітап- табиғат қорғау одағының халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылған. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған.
Сөйлемдерге сұрақ қой.
— Қызыл кітап- табиғат қорғау одағының халықаралық дәрежедегі құжат.
Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіреді.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты.
Жануарлар мен өсімдіктердің.
Синтаксистік талдау жаса.
Қызыл парағына сирек кездесетін өсімдіктер тіркелген.
Оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіреді.
Бүгін сабақта экология туралы айтамыз
Сын есімдерді тұлғасына қарай бөл
Қызыл, халықаралық, әсем, таулы, зоологиялық, түсті, түрсіз
— Қызыл кітаптың пайдасы жоқ.
— Экологиялық апаттар адамға байланысты емес.
— Табиғатқа қамқорлық жасамаймыз.
«Қызыл кітап не үшін керек?»
Табиғатты сақтап қалу үшін тағы қандай шаралар жасау керек?
Сен өзің не істер едің?
Үйге тапсырма: оқып, өз сұрағыңды әзірлеп кел
Өнер,әдебиет пәндерімен байланыстыру.
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды ма, неліктен?
Екі жұлдыз, бір тілек
: Қызыл кітап- табиғат қорғау одағының халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылған. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған.
Номер материала: ДБ-802563
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Источник
Тема урока «Қызыл кітап», план урока на казахском языке, для русских классов, 2 класс, обновленное содержание, новые методы и подходы представлены на плане урока
Тілдік коммуникация барысында оқушыларға «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды жан-жануарларға қамқор болуға үйрету.
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Оқушының орта жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер, жан-жануарлар әлемі жайлы сұхбат құрады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, қосымша мәліметтер береді, жан-жануарлар әлемі жайлы сұхбат құрады.
Ерте заман, қорғау, одақ, өсімдіктер, деректер, жойылып кету.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта,слайдтар, «Жануарлар әлемі» деректі фильмі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, желімқағаздар.
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қызықты суреттер» тәсілі, топтық жұмыс, кластер, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сұрақтарға жауап береді.
1.Сөздікпен жұмыс. А)Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым.Оқылым.Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2.Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатамын.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатамын.
Жазылым. 2-3 сөйлем құрап жазады.
3.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатамын.
Тыңдалым. Оқылым. «Қызыл кітап» туралы мәтінді тыңдайды, оқиды, аударады.
Ә)Айтылым.Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатамын.
Айтылым.Сұрақтарға жауап береді.
4.Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа жануарлар суреттерінің бөліктерін таратып беремін.
Жұптық жұмыс.Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.
Б)Жазылым.Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатамын.
Жазылым.Айтылым.Тақырыптарды мәтін мазмұны бойынша орналастырады, тірек сөздерді жазады, мәтін мазмұнын айтады.
Жұптық жұмыс.Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатамын.
Тілдесім. «Қызыл кітаптың» маңызы туралы досымен әңгімелеседі.
Айтылым. Сұрақтар қоямын
Сұрақтарға жауап береді.
Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бірін-бірі бағалайды.
Оқулықтағы 3-тапсырманы әңгімелеу, 8-тапсырманы жазу, 52-бет
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.
Номер материала: ДБ-1056827